Жойқын жарылыстан адамдар аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жойқын жарылыстан  адамдар  аман қалды

Жойқын жарылыстан адамдар аман қалды

Оңтүстік Қазақстанда газ жарылып, бір шаңырақтағы 11 адам түгел күйіп шалды. Ауыр жараланғандардың сегізі кәмелетке толмаған балалар.

  • 1 Ақпан 2014
  • 236
Фото - Caravan.kz

Қазір 9, 6 және 16 жастағы жасөспірім ауыр хәлде жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер әсіресе 16 жастағы қыз баланың хәлі мүшкіл дейді. Денесінің 50 пайызын күйік шалыпты. Тағы бес жеткіншек пен балалардың анасы және 75 жастағы қария әр түрлі жарақатпен бір бөлімде, бір палатада жатыр. Ал, қолын ғана күйік шалған 40 жастағы отағасы жарақаты жеңіл болғандықтан үйіне жіберілген. Оқыс оқиға, Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылында болды. Жер үйлдегі жарылысқа қосулы күйде қалған газ себеп болған.


Тайынбай Сәбденов,  зардап шегуші:

-Сағат 7-лерде балалар мектепке барады, төртеуі. 3 қыз, бір бала. Солар шәй ішіп жатыр еді жаңағы бірден лап ете қалды ғой от. Бір бөлмеде жатамыз бәріміз. Жаңағы балаларға өзім қарап жатамын. Тағы келінім кіріп қалған екен. Лап еткенін бір білдік, бәріміз күйдік.