Жол апатынан Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстарында 8 адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол апатынан Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстарында 8 адам қаза болды

Жол апатынан Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстарында 8 адам қаза болды

Алматы. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Жол апатынан Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстарында 8 адам қаза болды, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Ақпан 2008
  • 554
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпараты бойынша, 5 ақпанда Жамбыл облысының Бесағаш ауылында сағат 14.00 «Ауди» жеңіл көлігі аударылды. Көлік апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.

Сонымен қатар, 5 ақпанда Қостанай-Рудный трассасында сағат 16.00 «ВАЗ 2115» және «Мерседес» көліктері соқтығысып, екі жолаушы қаза тапты. Ал «Мерседесте» отырғандар аурханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Павлодар-Екібастұз трассасында «Камаз» және «Ауди» қақтығысқан. Жол көлік апаты салдарынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты. Сондай-ақ , «Аудида» отырған тағы да екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті