Бәрінен де жол апаттарынан Намибияда адам шығыны көп. Ал ең азы — Мальдивада. Қазақстанда 100 мың тұрғынға шаққанда жол апатында қаза болғандардың саны 22 адамды құрады. Бұл орташа көрсеткіштен жоғары.
АҚШ-та жол апатынан жыл сайын 100 мың адамға шаққанда 14 адам құрбан болады, Мексикада — 13, Аргентинада — 12, Канадада — 8, Австралия мен Францияда 7 адамнан келеді.
Посткеңестік мемлекеттер зерттеуінде келесі елдер бойынша мәліметтер келтірілген: Әзербайжанда жол апатынан 100 мың тұрғынға шаққанда орта есеппен 8 өлім жағдайы тіркелген, Түркіменстанда — 10, Өзбекстанда — 11, Грузияда — 12, Белорусь елінде — 19, Украинада — 20, Қырғызстанда — 21, Ресейде — 24.
