Жол ережесін бұзған жүргізуші ескерту жасаған әйелге "Балаларың өліп қалсын" деп айғайлады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол ережесін бұзған жүргізуші ескерту жасаған әйелге "Балаларың өліп қалсын" деп айғайлады

Жол ережесін бұзған жүргізуші ескерту жасаған әйелге "Балаларың өліп қалсын" деп айғайлады

Бұл сұмдық жағдай Алматыда болған. "Айнабұлақ-3" ықшамауданында жаяуларға арналған жолмен келе жатқан Chevrolet жүргізушісі әйелді жанай қаққанымен қоймай, қарғап кеткен.

  • 4 Тамыз 2017
  • 9497
Фото - Caravan.kz

Жүргізуші жігіт тура тротуарда балаларын арбаға салып серуендеп жүрген жас аналардың жолына көлігімен тұрып алған. Ол келіншектер жол береді деп ойласа керек деп жазады Patrul.kz.

Бірақ әйелдер жол бермей, ереже бұзған жүргізушіге ескерту жасайды. Ал біраздан кейін көліктегі жігіт оларды айналып өтіп бара жатып, "Балаларың өліп қалсын" деп айғайлайды.

Бұл оқиғаға қатысты іспен қазір полиция айналысып жатыр. 


Соңғы жаңалықтар