Енді жүргізушіні тоқтатып, дәл осылай қызметтік көлігіне жетелеген инспектордың өзі жауапқа тартылады. Себебі тәртіп бұзушыны машинаға кіргізіп алған соң пара бопсалауы мүмкін. Бұдан-былай «құжат тексеріп жатырмыз» деген сылтаумен көрінген көлікті тоқтатуға да мүлдем тиым салынады.
Серік Ақылбай, Сенат депутаты:
-Қызметтік жауапкершіліккке тартылады, тіпті қызметтен босатылады себепсіз тоқтатса. Тіпті бұрынғыдай өзінің машинасына шақырып, ішінде сөйлесетін жағдай жоқ қазір. Осы заңда қаралған.Ашық, елдің көзінше капотының үстінде хаттаманы толтыру керек.
Ащы суға сылқия тойып алып, темір тұлпар тізгіндегендерге де, жаза қатайды. Мәселен, бұл Батыс Қазақстандағы Ішкі істер департаментінің қызметкері. Серік Құспанов мас күйінде рульге отырған және жалған нөмерлі машинамен қалада еркін жүйіткіп жүрген жерінде ұсталған.
—я ни в чем не виноват, во-вторых, это все подстава. Я от всего отказываюсь и себя ни в чем виновным не считаю.
Серік Құспановтың бұл қылығы Ішкі істер министрілігіне де жетті. Енді жаңа заң бойынша, мас полицейлер де жазасыз қалмайды.
Игорь Лепеха, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:
— Полиция қызметкері мас күйінде ұсталса, ол міндетті түрде жұмыстан босатылады. Екіншіден, егер ол кінәсін мойындаудан бас тартса, үш жылға жүргізуші құқығынан айырылады. Сонымен қатар, жақын күндері қызметкерлеріміз алкотестермен жолға шығады, ол кезде жүргізушінің спирттік ішімдік ішкенін небары он минутта анықтауға болады.
Ал, жүргізуші жол ережесін бұзғанын бірден мойдап, айыппұлды бір тәулік ішінде өтесе, төлемнің тең жартысы қысқартылады, 7 күнде 30 пайыздық жеңілдік алады.
-Осылайша, бүгін сенаторлар жарты жыл бойы талқыланып қоғамда үлкен шу тудырған құжатқа өзгерістерін енгізіп, Мәжіліске қайта жіберді. Енді заң жоғары палатаға емес, бірден президенттің қол қоюына жібереледі.