Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2008-2010-жылдарға арналған шаралардың жоспары жасалды - жол полициясының басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі  2008-2010-жылдарға арналған шаралардың жоспары жасалды - жол полициясының басшысы

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2008-2010-жылдарға арналған шаралардың жоспары жасалды - жол полициясының басшысы

АСТАНА. 11-мамыр. Kazakhstan Today. ҚР ІІМ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2008-2010-жылдарға арналған шаралардың жоспары жасалды. Бұл туралы бүгін "Қазақстанда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету" жөніндегі халықаралық семинар барысында ҚР ІІМ жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 11 Мамыр 2007
  • 901
Фото - Caravan.kz

«Республикалық деңгейде жол қозғалысы қауіпсіздігін тұрақты арттыруға жағдай жасау үшін және проблеманың салааралық және мекемеаралық сипатын ескере отырып ІІМ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2008-2010-жылдарға арналған шаралардың жоспарын жасады»,- деді Ө.Түсімов.

Оның айтуынша, бұл жоспар таяу уақыттарда үкіметтің бекітуіне беріледі. «Бұл құжатты жүзеге асыру алдағы үш жылда қалаларда жол қозғалысын басқарудың заманауи автоматтандырылған жүйелерін, жол қозғалысы ережелерін бұзу оқиғаларын бейнебақылау және түсіріп алу жүйелерін енгізуге мүмкіндік береді»,- деді жол полициясының басшысы. Сонымен бірге Ө.Түсімовтың хабарлауынша, жоспарды жүзеге асыру жолдар мен жол құрылғыларының параметрлерін нормативтік деңгейге дейін жеткізуге, жүргізушілерді дайындау сапасын жақсарту мен жол апаттарынан жарақаттанудың алдын алу тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Жол полициясы комитетінің төрағасының айтуынша, жоспарда жол қауіпсіздігі проблемалары мен ахуалға мониторинг жүргізу жүйесін құру, осы салада ғылыми зерттеулер жүргізу қарастырылған.

«Жалпы алғанда шаралардың жоспарын жүзеге асыруға, алдын ала есеп бойынша, бюджеттен шамамен 4 млрд 961 млн теңге бөлу қажет»,- деді ол. Ө.Түсімовтың айтуынша, 100 млн теңгені жол қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық негізді жетілдіруге, жол полициясының қызметін ғылыми әдістемемен қамтамасыз ету және жүйелі зерттеулер жүргізуге жұмсау көзделген.

«3 млрд 885 млн теңге жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекет тарапынан бақылау қою тиімділігін көтеруге, жол полициясын материалдық-техникалық тұрғыда және мамандармен қамтамасыз етуге, қозғалыс қауіпсіздігі ахуалы мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-қызметінің жағдайын айғақтайтын көрсеткіштерді есепке алудың ақпараттық мәліметтер қорын жасау мен енгізуге, тағы да 975 млн теңге халықты ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін құруға және профилактикалық жұмыстарға азаматтық қоғам институттарын тартуды қамтамасыз етуге жұмсалады»,- деді Ө.Түсімов.

«Бұл жоспардың сыртында қалаларда жол қозғалысы ережелерін бұзу оқиғаларын бейнебақылау және түсіріп алу жүйелерін енгізу жобасы іске асырылады. Алдын-ала есеп бойынша оған шамамен 36 млрд теңге жұмсалады»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті