Жол қозғалысының ережелерін бұзғаны үшін жазаны қатайтатын түзетулер 25 шілдеде күшіне енеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол қозғалысының ережелерін бұзғаны үшін жазаны қатайтатын түзетулер 25 шілдеде күшіне енеді

Жол қозғалысының ережелерін бұзғаны үшін жазаны қатайтатын түзетулер 25 шілдеде күшіне енеді

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жол қозғалысының ережелерін бұзғаны үшін жазаны қатайтатын түзетулер 25 шілдеде күшіне енеді. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ақпарат және бұқарамен байланыс орталығының басшысы Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Шiлде 2008
  • 409
Фото - Caravan.kz

Орталық басшысының айтуынша, «бұл заң жол қауіпсіздігі саласындағы талаптарды күшейте түсетіндіктен, ол заңды күшіне енгенге дейін азаматтарға өзгертулермен танысуға мүмкіндік беретін арнайы уақыт қарастырылды».

«Бұл заң ресми түрде жарияланған сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді. Заңның мәтіні ертең, 15 шілдеде ресми баспасөзде жарық көреді деп күтудеміз, яғни, ол 25 шілдеде күшіне енеді», — деді Б. Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті