Жоламанов сотқа жасырын жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоламанов сотқа жасырын жеткізілді

Жоламанов сотқа жасырын жеткізілді

Астанада генерал Жоламановқа қатысты сот басталды. Тек, былыққа толы Шекара қызметінің бұрынғы басшысының ісі жабық жағдайда қаралып жатыр.

  • 13 Қаңтар 2015
  • 254
Фото - Caravan.kz

2 жарым ай бойы тергеу изоляторында отырған генерал сотқа өте жасырын түрде жеткізілді. Камераларға автозак түскенімен, қарауыл күзеті айыпталушыны көзден тасалап ғимаратқа кіргізіп жіберді. Сотқа Нұрлан Жоламановтың адвокаты мен әйелінің ғана қатысуына рұқсат етілген. Былтыр қазан айының соңында қолына кісен салынған 58 жастағы генералға  ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, шекара бекеттерін тұрғызуға бөлінген  миллиардттарды жымқырды деген бірнеше айып тағылып отыр. Оның бірде бірін мойындамай отырған лауазымды шендінің алғашқы соты бірнеше сағатқа жалғасты. Кейін Жоламанов мінген автозак изоляторға қайта беттеді. Алдағы  айларда   генерал тек осы көлікпен сотқа қатынайтын болады.