Жаңа кестені жасау кезінде жолаушылардың тілектері ескерілді. Кестеде оқу демалысы мен қызметтік демалыстар кезінде сапарлайтын жолаушылардың сұраныстары қанағаттандырылған. Оған қосымша вагондар мен маршруттар қосылды, мәселен, №483/484 «Астана-Адлер» пойызы. Сонымен қатар, «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған «Астана-Шымкент» және «Алматы-Ташкент» бағытындағы жаңа пойыздар енгізіледі.
Жолаушылар пойыздарының кестесіндегі барлық өзгертулер, жаңа вагондардың, құрамдар мен жаңа маршруттардың қосылуы, стансалар бойынша пойыздардың келуі мен кетуі жайлы ақпаратты www.temirzholy.kz сайтынан, теміржол вокзалдарының кассалары мен анықтама қызметтерінен алуға болады.