Соңғы рет темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау тарифі екі жылдан астам уақыт бұрын, 2014 жылдың қаңтарында 7%-ға көтерілген болатын.
Сонымен бірге, «Тұлпар-Тальго» пойыздарында икемді тариф жүйесі, яғни билетті сатып алу мерзіміне қарай жеңілдіктер сақталады.
Қазіргі уақытта аталған пойыздарда билетті сатып алу мерзіміне (пойыздың жүруіне қанша күн қалғанына) байланысты қосымша 40 пайызға дейін жеңілдіктер бар. Бұдан бөлек, әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жолаушылардың кейбір топтарына арнайы жеңілдіктер беретін дисконтты карталар шығарылды. Мәселен, «Ардақты ана», «Қамқор» немесе «Ардагер+» дисконтты картасына ие жолаушы күні бұрын билет алса, 70 пайызға дейін жеңілдікке қол жеткізе алады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.