Жолаушылар тірідей жанып кете жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жолаушылар тірідей жанып кете жаздады

Жолаушылар тірідей жанып кете жаздады

Астана маңында 70 адам тірідей өртеніп кете жаздады. Өскеменнен келе жатқан жолаушыға лық толы автобус Елордаға кіре берісте отқа оранған.

  • 7 Қаңтар 2014
  • 226
Фото - Caravan.kz


Жалын екі қабатты автобустың қозғалтқышынан басталып, әп-сәтте салонға жайылыпты. Жолаушылардың мұндай оқыс оқиғаларға еті үйренсе керек, ешқандай үрейсіз дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Құдай сақтап зардап шеккендер жоқ. Тура жол бойында отқа оранған автобустың санаулы минутта күлі ғана қалды. Ал қоғамдық көлікпен бірге жүктері жанып кеткен  жолаушылар шығын көлемін есептеп жатыр. Бірақ оны кімнен өндіріп аларын әзірге білмейді.