Бет-ауызын тұмшалаған 3 адам орталықтағы «Метроном» дүкеніне басып кірген. Мұнда қашанда абыр-сабыр адам, қызу сауда. Кіріп-шыққандардың қимыл-қозғалысын бейнекамера бақылап отырады. Бірақ, қарақшылар соған қарамастан кассаны тонамақ болыпты. Кірген бойда күзетшімен жаға жыртысқаны таспада анық көрінеді. Кейін көпшіліктің зәресін ұшырған 3 ұрыны сауда нысанында жүрген қаржы полицейлері кездейсоқ қолға түсірген. Қазір қарақшылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жолы болмаған қарақшылар тергеу абақтасына қамалды. Арасында кәмлет жасына толмаған жасөспірім де бар.