"Жұлдызбен шай ішемін". АҚШ-тан келген Қайрат Нұртас жұбайымен қайта қосылмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жұлдызбен шай ішемін". АҚШ-тан келген Қайрат Нұртас жұбайымен қайта қосылмақшы

"Жұлдызбен шай ішемін". АҚШ-тан келген Қайрат Нұртас жұбайымен қайта қосылмақшы

АҚШ-та жеке кешін өткізген әнші Қайрат Нұртас елге оралды.

  • 29 Желтоқсан 2021
  • 249
Фото - Caravan.kz

Белгілі әнші Қайрат Нұртас жақында АҚШ-тың Чикаго қаласында жеке концертін берген болатын.
Мұхиттың арғы жағынан елге оралған әнші жұбайымен отырып, шай ішетінін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Экспресс К.-ке сілтеме жасап.

Танымал эстрада жұлдызын Қазақстанға оралғанда әріптестері күтіп алды. Олардың арасында "МузАРТ" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов те бар. Ол Қайратқа өзі жасап шығаратын тәттілерден дәм татқызды. Әріптес ағасының тәттілерінің дәміне сүйсінген әнші қалған шоколодты жұбайы Жұлдызбен шай ішіп отырып, жейтінін айтты.

Әлеуметтік желілерге тарап кеткен видеоға пікір білдіріп жатқандар көп. Желі қолданушылардың басым көпшілігі ерлі-зайыптылардың қайта табысқанына қуанышты. Өйткені көптен бері Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың ажырасып кеткені жайлы жиі жазылып жүр. Жақында Экспресс К тілшісіне
Жұлдыздың
өзі сұхбат берген болатын. Одан кейін әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова баласының жеке өміріне араласпайтынын, тек бақытты болуларына тілекші екенін жеткізген.