Жұма күні арақ сатып ала алмайсыз.. - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұма күні арақ сатып ала алмайсыз..

Жұма күні арақ сатып ала алмайсыз..

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының орталығы - Кішкенекөл ауылында қасиетті жұма арақ-шарап сатылмайтын болды. Бұл туралы egemen.kz  хабарлады.

  • 5 Мамыр 2014
  • 366
Фото - Caravan.kz

Шешімді аудан жұртшылығы түсіністікпен қабылдады. Қожахмет хазірет атындағы мешіттің имамы Өсербай Шәкеновтің айтуынша,  «Жұма күні арақ сатылмасын!» акциясын алғаш қолдаушылардың қатарында «Дүкен», «Мұхамедғалым», «Жексенбай», «Руслан», «Әлем» «Нұр Астана», «Мерей», «Жанара» секілді сауда нүктелерінің басшылары үн қосқан. Осы сауда орындарының маңдайшаларына «Жұма күні арақ сатылмайды» деген жазулар ілінген.

Адамдарды саламатты өмір сүруге шақыратын мұндай акция Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.