Жұмыс берушіні буындырып өлтірген қос таксист құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмыс берушіні буындырып өлтірген қос таксист құрықталды

Жұмыс берушіні буындырып өлтірген қос таксист құрықталды

Петропавлда жергілікті кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен екі ер адам құрықталды.

  • 28 Қараша 2013
  • 363
Фото - Caravan.kz

Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, сейсенбі күні жергілікті тұрғындардың бірі 38 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы полицияға хабар берген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында әйелдің екі автокөлігін алға беріп келгені анықталды. Көп ұзамай кәсіпкердің жоғалып кетуіне қатысы бар деген күдікпен көліктерді жалға алушылар құрықталды. Олар төлем жайында келісе алмаған соң әйелді қауіпсіздік белдігімен буындырып өлтіріп, мәйітті қала сыртына апарып тастағанын мойындаған.

Күдіктілер тергеу изоляторына тоғытылып, олардың үстінен қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша іс қозғалды.