Жарияланды: 870

Жұмыс тобы БАҚ туралы заңға енгізілетін түзетулердің концепциясын мақұлдады

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мәдениет және ақпарат министрлігінде "БАҚ туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Мәдениет және ақпарат министрлігінде "БАҚ туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті, оған орталық мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар ("Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры; "Internews network" қазақстандағы өкілдігі; "Қазақстан журналисттері одағы"; "Бас редакторлар клубы"; "Қазақстан журналистерінің конгрессі" қоғамдық бірлестігі; "Қазақстан теле радио таратушыларының ұлттық ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігі) өкілдері қатысты. Елбасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамаларды әрі қарай либерализациялау қажеттігі және БАҚ қызметін реттейтін керексіз бюрократтық тосқауылдарды алу қажеттігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында бұл заң жобасының тұжырымдамасы және бір қатар нақты нормалар әзірленген болатын. Аталған құжаттар бүгінгі жұмыс тобының отырысында талқыланып, мақұлданды. Жұмыс тобы ұсынып отырған өзгерістердің мәні келесідей: электрондық БАҚ үшін есепке қоюды алып тастау; Қазіргі кезде электрондық БАҚ екі процедурадан өтеді: есепке қою және лицензия алу. БАҚ қайта есепке алу негіздерінен бас редактордың және редакция мекен-жайының ауысуын алып тастау; аудио- немесе бейне жазу техникаларын қолдануға келісім алу туралы журналистке қойылатын талапты алып тастау; "БАҚ туралы" заңның 19-бабы, 1-тармағына сәйкес сотта талапкер мен жауапкер арасындағы тең тараптықты ендіру. Қазіргі кезде таратылған мәліметтердің шындыққа жанасуын дәлелдеу тек БАҚ өкілдеріне жүктелген, ал талапкер бастан дұрыс болып есептелінеді. Сұралған мәліметтерді беруден бас тартқанда шағымдану құқығы жөніндегі нормаларды жетілдіру. Қазіргі кезде БАҚ өкілдері алдымен қызметі жоғары тұрған тұлғаға және тек қана содан кейін сотқа шағымдануға құқылы. Ұсынылған нормаға сәйкес БАҚ өзінің қалауымен әрекет етеді (қызметтік тұлғаға және сотқа шағымдануға немесе бас тартуға немесе екеуінің біреуіне). Сонымен қатар, жұмыс тобы отандық ақпараттық нарықты БАҚ яғни оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру дамытуға мемлекет міндетті түрде жағдай жасауы керек деген пікірде. Күннің екінші жартысында Ұлттық баспасөз клубында жұмыс тобының құрамы баспасөз конференциясын өткізді. Осы баспасөзде жетекші халықаралық журналистика ұйымдарының Қазақстандағы өкілдігі басшылары берілген заңға өзгерістер енгізуді қолдады. Енгізілетін өзгерістер мен тұжырымдама-бұл журналистік қауымдастықты көрсететін қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың бірігіп жұмыс атқарғанының нәтижесі және осы өзгерістер депутат корпусынан қолдау табатынына үміт білдіретінін Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева атап өтті. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть