Жұмысқа мас күйде келген басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмысқа мас күйде келген басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Жұмысқа мас күйде келген басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды

 Саран қаласының Тұтынушылар құқын қорғау басқармасы бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

  • 26 Ақпан 2015
  • 443
Фото - Caravan.kz


Облыстық Тұтынушылар құқын қорғау басқармасы бастығының сөгіс жариялауына мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаменті дисциплинарлық кеңесінің өтініші түрткі болған. Департамент басқарма қызметкерлерінен түскен шағым негізінде әрекет етіпті.
«Басқарма қызметкерлерінің айтуынша, басшы жұмысқа жиі-жиі спиртті ішімдік ішіп келеді екен және қарамағындағыларға дөрекі сөйлейтін көрінеді», — делінген хабарламада.