Жұмысшы өзінің бастығын атып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмысшы өзінің бастығын атып өлтірді

Жұмысшы өзінің бастығын атып өлтірді

Қойма жұмысшысы бастығын атып өлтіріп, артынша өзіне-өзі қол жұмсаған.

  • 4 Ақпан 2014
  • 414
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы The Columbian басылымына сілтеме жасап, lenta.ru хабарлайды.

Оқиға кеше АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Ванкувер қаласында орын алды. Алдын ала деректер бойынша, 60-ты алқымдаған ер адам өзінің демалысы күні қоймаға «Акура» маркалы қызыл түсті көлікпен келіп, жұмыс берушісін атып өлтірген. Артынша, көлігіне отырып, өзін де атқан.

Оқиға барысында басқа зардап шеккендер жоқ. Полицейлердің айтуынша, қаза болғандардың кім екендіктері анықталған. Әзірге оның неліктен осындай жағдайға барғаны белгісіз.