Жұмыссыз ер адамдар тез қартаяды - зерттеу - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмыссыз ер адамдар тез қартаяды - зерттеу

Жұмыссыз ер адамдар тез қартаяды - зерттеу

Ғалымдар ер адамдар жұмыссыз болса, тез қартаятындығын айтуда. Бұл екі жылдан аса жұмыс жасамаған ер адамдарға қатысты, деп жазады шетелдік БАҚ.

  • 22 Мамыр 2014
  • 573
Фото - Caravan.kz

Олар 1966 жылы туылған  5620 ер адамдар мен әйел адамдардың ДНҚ үлгілеріне сараптама жасаған. Мамандар зерттеу  кезінде әр қатысушының теломерлерінің (қорғаныш қызметін атқаратын хромосоманың ұштары) ұзындығын өлшеген. Теломердің ұзындығы ағзаның қартаюына байланысты болып келеді. Ағза қартайған сайын теломер ұзындығы да қысқарып отырады.

Зерттеушілер тәжірибеге қатысқан адамдардың 31 жасында алынған теломерлерінің ұзындығын анықтаған. Нәтижесінде бұндай құбылыс ер адамдар арасында жиі байқалып, ал жұмыссыз отырған әйелдерде сирек кездескен.