Жұмыстағы күйзелісті анар шырыны басады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмыстағы күйзелісті анар шырыны басады

Жұмыстағы күйзелісті анар шырыны басады

Бар болғаны бір стақан шырын күйзелісті басып, жұмыс істеуге серпін береді. Эдинбургтегі Маргарет патшайым университеті өкілдерінің мәлімдеуінше, олар жұмыстағы күйзелісті қалай басудың амалын тапқан.

  • 10 Наурыз 2014
  • 433
Фото - Caravan.kz

Бұл — бір стақан шырын, ол күйзеліс деңгейін түсіріп, дұрыс жұмыс істеуге көмектеседі, деп жазады topnews.us-қа сілтеме жасаған toneto.

Ғалымдар 60 еріктінің қатысумен тәжірибе жүргізген, оларға екі апта көлемінде күніне 500 миллилитр анар шырынын ішкізіп отырған. Зерттеу алдында және тәжірибе соңында әйелдер мен ер адамдарға олардың эмоционалдық көңіл күй жайлы, жұмысқа деген ықыласы жайлы сауалнаманы толтыру ұсынылған.

Белгілі болғандай, күніне жүйелі түрде 1 стақан анар шырынын ішіп отырғандар көңіл күйлерінің көтерілгенін байқаған. Олардың жұмысқа деген ынтасы артып, оларды тітіркендіретін жағдайларға аса мән бермеген.

Дәрігер эмад Ал-Дужайли зерттеудің анар шырынының жаңа пайдалы қасиеттерін анықтауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Шамасы, ғалымдар бұл шырынның пайдасы жайлы толығымен білмейтін болу керек, сол себепті олар оны әлі де зерттемек.