Жұмысын бастайтын ұйымдарға қандай талап қойылады? - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмысын бастайтын ұйымдарға қандай талап қойылады?

Жұмысын бастайтын ұйымдарға қандай талап қойылады?

Бүгін онлайн-брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қаладағы бірқатар ұйымның жұмысы қайта жолға қойылатынын айтты.

  • 28 Сәуiр 2020
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Нұр-Сұлтанда бірқатар ұйымның жұмысы қайта жолға қойылмақ. Қаржылық-сақтандыру секторы ұйымдарының, екінші деңгейлі банктердің, микроқаржылық ұйымдар мен сақтандыру компанияларының жұмысы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау арқылы жүзеге асырылады. Яғни, бұл ұйымдардағы жұмыс режимі – 9:00-18:00 аралығында болады. Аталмыш ұйым басшылары қызметкерлерінің жұмысқа қатынауын қызметтік көлікпен қамтамасыз етуі тиіс. Нысанда медициналық пунктің болуы міндетті. Медициналық қызметкер жұмыскерлердің денсаулығын ауысым сайын тексеріп отыруы қажет. Адам көп шоғырланатын ұйымдарда адамдар арасында алшақтық сақтауға қатысты белгі қойылуы керек, — деді ол.


Бақтияр Мәкеннің айтуынша, риэлторлық компаниялар, жылжымайтын мүлікті бағалау бойынша консалтингтік қызмет агенттіктері де жұмысқа кіріспек. Бұл компаниялар құжаттарды клиенттің үйіне жеткізіп беру жағын барынша қолға алу керек.

Егер жоғарыда айтылған қызметті орындау мүмкін болмаса, мекемеде бір мезгілде екі адамнан артық адам болмауы керек және олардың барлығы маскада болғаны жөн. Қызметкер мен клиенттің арасы 2 метрден кем болмауы тиіс. Сонымен қатарперсонал мен клиенттің тікелей байланысын барынша шектеу керек. Тұрмыстық техника сататын ірі дүкендер мен бау-бақша маусымына қатысты керек-жарақ дүкендерінде де медициналық пунктердің болуы міндетті, медперсонал қызметкерлерді әр ауысым сайын тексеріп отыруы шарт. Клиент пен қызметкер арасында арақашықтық сақталуы керек, — деді ол.

Соңғы жаңалықтар