Жарияланды: 150

"Жүрегіне оқ тиген": Атырауда төбелес кезінде 18 жастағы Азия чемпионы қаза тапты

"Жүрегіне оқ тиген": Атырауда төбелес кезінде 18 жастағы Азия чемпионы қаза тапты

Атырауда түнгі төбелесте грэпплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов қаза тапты

 9 тамызға қараған түні Дамбы мен Құрманғазы ауылдарының жігіттері арасындағы төбелес кезінде белгілі атыраулық спортшы, грэпплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов қаза тапты. Ол жүрегіне тиген оқтан көз жүмды. Бір апта бұрын ол 18 жасқа толған еді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы"Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Атырау облысының полиция департаменті бұл оқиға туралы әзірге түсінік берген жоқ. Сондай-ақ, оны өлтіруші ұсталды ма, жоқ па, ол да белгісіз. Ал жергілікті тұрғындардың айтуынша, келесі күні Дамбыда полицейлер рейд жүргізген.

Қайғылы жағдайға байланысты Атырау облысы денешынықтыру спорт басқармасының ұжымы марқұмның отбасына көңіл айтып, facebook-те жазба қалдырды.

"Талантты жас спортшы, грепплинг, қоян-қолтық ұрыс және джиу-джитсу күрестерінен Атырау облысы құрама командасының мүшесі, жасөспірімдер арасында әлем және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Сиғуатов Есенбек Тоқсанбайұлының мезгілсіз қаза болуына байланысты Атырау облысы спорттық қоғамы атынан марқұмның отбасы, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Салауатты өмір салтын бойына серік етіп, жас та болса әлемдік додаларда облысымыздың, қала берді еліміздің намысын абыроймен қорғаған өреніміздің қазасы туралы қаралы хабар қабырғамызды қайыстырды. Жаратушы Иеміз Алла алдынан жарылқасын. Спортшымыздың жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды", - делінген ресми парақшада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін