Жүргізуші келіншек жол ережесін бұзған жігітті сабап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүргізуші келіншек жол ережесін бұзған жігітті сабап тастады

Жүргізуші келіншек жол ережесін бұзған жігітті сабап тастады

Ақтауда болған жол үстіндегі жағдай жұрттың жағасын ұстатты. Жүргізуші келіншек жол ережесін бұзған жігітті бет қаратпай сабаған. Долы әйелдің қылығы арттағы көліктердің бірінің регистраторына түсіп қалыпты.

  • 21 Қараша 2013
  • 288
Фото - Caravan.kz


Оқиға таңертеңгелік көшедегі кептіліс кезінде болған. Мына таспада жеңіл көліктің иесі джиптің артына келіп тоқтады. Ал алдындағы көліктен атып шыққан келіншек, оны бас-көзіне қарамай төмпештеп жатыр. Ауызына келгенін айтқан ашулы әйел шопырды тіпті машинасынан суырып алуға тырысуда. Ал көліктің ішінде еңгезердей жігіт отыр. Әйелдің ашуын басқанын күтіп отырса керек, көп ұзамай ол тысқа шықты. Бұны көрген келіншектің қайта жұдырық ала жүгіргені камераға тайға таңба басқандай болып түсіп қалған. Дегенмен ақыры екеуі тіл табысып тарқасты.