Жүргізушілер айыппұлды ХҚКО-да төлей алады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүргізушілер айыппұлды ХҚКО-да төлей алады

Жүргізушілер айыппұлды ХҚКО-да төлей алады

Жүргізушілер айыппұлды халыққа қызмет көрсету орталықтарында төлей алады. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

  • 29 Наурыз 2016
  • 402
Фото - Caravan.kz

«Жол полициясына барып, құқық қорғаушылармен кездесудің қажеттілігі жоқ. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының кез келген бөлімшесі сіздерге қызмет көрсетіп береді. Қазіргі уақытта біз өзіміздің ААЖ-бақылау жүйемізді ХҚКО базасымен біріктірудеміз», — деді ҚР ІІМ министрінің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, бұндай жүйе қағазбастылықты азайтып, жемқорлықтың орын алуына жол бермейді. Сонымен қатар айыппұл төлеуге кететін уақытты да едәуір азайта алады.