Жүргізушілерге полиция əрекетін фото және бейнеге түсіруге рұқсат берілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жүргізушілерге полиция əрекетін фото және бейнеге түсіруге рұқсат берілмек

Жүргізушілерге полиция əрекетін фото және бейнеге түсіруге рұқсат берілмек

Қазақстан Республикасының "Жол қозғалысы туралы" Заңына өзгерістер енгізу туралы" депутаттық заң жобасымен құжат тексеру кезінде жүргізушілерге полиция қызметкерлерінің əрекеттерін фото және бейнеге түсіру құқығын бекіту көзделіп отыр.

Мəжілістің заңнама жəне сот-құқықтық реформасы жөніндегі комитетінің мүшесі Қанат Мусиннің айтуынша, салыстырма кестесінде өзгерістер 55 позициядан тұрады. Өзгерістер мен толықтырулар Салық кодексі, Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске, жол қозғалысы туралы, автомобиль жолдары туралы, əскери полиция органдары туралы заңдарға енгізілмек. "Атап айтар болсақ, үкіметтен уәкілетті органдарға кейбір өкілдіктерді беруді көздейтін түзетулер енгізілді. Уəкілетті органның қауіпсіздік жəне жол қозғалысы саласындағы облыстық бөлімшелердің құқықтық мəртебесі бекітілді. Автомобиль жолдарын салуда, жоспарлауда қауіпсіздікке жəне автомобиль жолдарының қауіпсіздігіне талаптар күшейтіп, оларды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар белгіленді",- деді депутат.

  • 6 Сәуiр 2017
  • 468
Фото - Caravan.kz


Бағдаршам алдындағы стоп-жолақтан өтіп кетуге белгіленген айыппұл 5 АЕК-тен 3-ке дейін қысқарды. Жүргізу куəлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережесін білуге емтиханды қайта тапсыруды алып тастауды көздеп отыр. Заң жүзінде көлікті тоқтатқаннан кейінгі полицейлердің міндеттері бекітілді. Оған сəйкес, полиция қызметкері көліктік тоқтатқаннан кейін бірден көлікке жақындап, өзін таныстыру тиіс. Сонымен қатар куəлігін көрсетіп, көлікті тоқтау себебін баяндауы тиіс. "Бұл ретте құжат тексеру кезінде жүргізушілерге полиция қызметкерлерінің əрекеттерін фото және бейнеге түсіру құқығын бекітілді", — деп нақтылады Мусин.

 

Соңғы жаңалықтар