Журналистерден қашқан бір топ депутат күлкіге қалды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналистерден қашқан бір топ депутат күлкіге қалды (ВИДЕО)

Журналистерден қашқан бір топ депутат күлкіге қалды (ВИДЕО)


Кеше Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан соң бір топ депутат залдан шыға берістегі буфетке кіріп кетіп, есікті құлыптап алған деп хабарлайды Paryz.kz.

  • 23 Желтоқсан 2021
  • 540
Фото - Caravan.kz

"Азаттық радиосы"-ның ақпаратына сәйкес, әдетте ашық тұратын буфет сол күні жабылып, ішке ешкім кіре алмаған. Депутаттарға сұрақ қойғысы келген журналистер оларды сыртта күтеді.

Бір сағаттан соң "тығылып" қалған депутаттар артқы есіктен қашып шығып кеткен. Тіпті, кейбірі бетін қағазбен жауып алған.