Журналистерге Алматы облысы әкімінің төрт арнайы жүлдесі берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналистерге Алматы облысы әкімінің төрт арнайы жүлдесі берілді

Журналистерге Алматы облысы әкімінің төрт арнайы жүлдесі берілді

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ақпарат және байланыс қызметкерлерінің мерекесіне орай

  • 25 Маусым 2015
  • 498
Фото - Caravan.kz

журналистермен жүздесті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Жылдағы дәстүр бойынша кездесуге республикалық БАҚ басшылары мен меншікті тілшілері, облыстық БАҚ өкілдері, ардагер журналистер қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген облыс басшысы А. Баталов облыста атқарылып жатқан ауқымды істер мен жоспарлар туралы баяндап берді. Оның ішінде биылғы мерейлі даталарға байланысты іс-шаралар, ауыл шаруашылығы, суару жүйелері, құрылыс, абаттандыру бағыттары бойынша бірқатар іс-жоспарларға тоқталып өтті. Мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
— Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық табыс тілеймін, — дей келе, бірқатар облыстық БАҚ басшыларына Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына байланысты «Қазақстан халқы Ассамблеясына — 20 жыл» мерекелік медалін, тапсырды.
Сонымен қатар, биылғы мемлекеттік деңгейдегі айтулы даталарға байланысты облыс әкімінің төрт арнайы жүлдесі берілді. Атап айтқанда, облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Гүлжан Тұрсынға «Ұлы Жеңістің жаршысы» арнайы жүлдесі, «Жетісу» телеарнасының продюсері Гүлжан Қызайбаеваға «Қазақ хандығы тарихының насихатшысы» сыйлығы, «Огни Алатау» газетінің тілшісі Татьяна Демидоваға «Ата Заңым — айбарым» арнайы жүлдесі, «Жетісу» телеарнасы бас директорының орынбасары Досан Атантеловқа «Ассамблея — бірлігімнің айнасы» арнайы жүлдесі табысталып, оларға планшет, фотоаппарат және ноутбуктар сыйға берілді.
Көпшілік алдында «Мұқағали» журналының бас редакторы Батық Мәжитұлы, «Түркістан» газетінің бас редакторы Шәмшиддин Паттеев, «Казахстанская правда» газетінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі Әсет Калымов, белгілі тележурналист, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының кеңесшісі Нұртілеу Иманғалиұлы және басқа да азаматтар тілек білдіріп, ой-пікірлерін ортаға салды.
Н. Иманғалиұлы қобызшы Молықбайға арнап ескерткіш тұрғызу туралы ұсынысын айтты. 
Кездесуді қорытындылаған облыс басшысы жақсылықтың жаршысы, билік пен қарапайым халықтың арасында алтын көпір болған журналистердің ісіне сәттілік тіледі.