Жұртта қалған төрт шаңырақ көшіруді сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұртта қалған төрт шаңырақ көшіруді сұрайды

Жұртта қалған төрт шаңырақ көшіруді сұрайды

Оңтүстік Қазақстан өңірінде көшкен ауылдың жұртында төрт шаңырақ қалыпты, деп жазады Егемен Қазақстан. Бұл елді мекен әуелгіде Шымкен

  • 16 Қыркүйек 2016
  • 727
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан өңірінде көшкен ауылдың жұртында төрт шаңырақ қалыпты, деп жазады Егемен Қазақстан.

Бұл елді мекен әуелгіде Шымкенттегі су құрылыс индустрия тресіне, сосын Арыс (Задария, қазіргі Сырдария) ауылдық округіне енетін. Қазіргі кезде Қожатоғай ауылдық округіне қарасты қосалқы шаруашылық болып өзгеріпті.

«Ауылдың 1979 жылдан бергі құжаттарын архивтен 2011-2013 жылдарғы қызу ізденістің арқасында таптым. Мәскеуде шыққан екен. Негізі біздің ауыл 1980 жылы бағаланып, құрылыс басталған, бірақ белгісіз себептермен аяқсыз қалған», дейді жұртта қалғандардың бірі Қасым Малтаев.

Оның айтуынша, қатары селдіреп оншақты үй болып қал­ған көрші елді мекендер 2006-2008 жылдары болашағы жоқ ауыл ретінде жаппай көшірілген. Ақдала совхозының төрт елді мекені Шымкентке қоныс ау­дарған. «Ендігі кезек бізге келгенде белгісіз себептермен осы төрт үйлі «Задария» елді мекенін Шөгірлі ауылының тұрғындары қатарына қосып жібереді. Ол ауылмен арақашықтығымыз 15 шақырым. Сонда да, баласын құндақтап аналарымыз, қартайған қарияларымызға дейін сол жердің емханасына аптап жазда болсын, қақаған қыста болсын барып, ем алып тұратын. Әлеуметтік проблемаларға да сол ауылдың әкімдігі жауапты еді», – дейді Қ.Малтаев.

Сондай-ақ, 2013 жылы Эко­номика және бюджеттік жос­­парлау министрлігіне хат та жолдап, мардымды жауап ала алмағанын айтады.

Ауылдың үлкендерінің бірі Құралай Жұмаділдаева әжей айтады: «Бас кезінде бұл ауылда 50-60 отбасы және бастауыш мектеп те болған. Жағдайымыз жақсы еді. Мұндай халге түсеміз деген ой ешкімнің өңі түгілі түсінде болмаған шығар. Осы елді мекенде қалып қойған төрт үй, уақыт келгенде ел қатарлы басқалармен бірге көшірілеміз деген сенімде болдық».

img_2585

Қ.Жұмаділдаеваның айтуынша, бірнеше жылдан бері округ, ауыл, аудан, тіпті, қала әкіміне барып, өтініш те жазған. Алайда, ешкім мәселенің шешімін тауып бере қоймады. Бұл жер картада жоқ дейді екен. «Суды жерқұдықтан тартып отырмыз, оның дәмі өте ащы, шелекке толтырып қойған жағдайда, жартысы аппақ болып ыдыстың айналасына тұрып қалады. Ол суды тек мал ғана іше алады. Біз 2 шақырым жердегі бір қойшының жерқұдығынан 3-4 күн сайын тасып ішеміз. Осы жердегі төрт үйдің ешқайсысында қазір мал да қалмаған. Несие алып, мал алғымыз келген еді, есік алдында мал күтетін қора-қопсыларың жоқ деп қайтарып жіберді. Қора салуға бізде жер де қалмаған. Мына үйдің орнынан басқа жердің бәрін белгісіз біреулер сатып алған көрінеді», дейді ауыл тұрғыны.

Жұртта қалған төрт үйдің арасында жасы үлкені әрі еті тірісі Тәуіркелдібек Малтаев 2012, 2013 және 2014 жылдары «Нұр Отан» партиясының Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиевке және Арыс қаласы әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке осындағы тұрғындардың жай-күйін айтып, баспана алуына, тіпті болмаған жағдайда, несие алуына көмек берулерін өтініш етіп барған екен. Бірақ баяғы сырғытпа сөз, жалпылама жауаппен шығарып салып отырған.

Жұртта қалған төрт үйлі жан­ның бар талабы – тіршілік­ке қолайлы жерге көшу. Ал өздігінен көшуге жағдайлары көтермейді.

Соңғы жаңалықтар