Жуырда Кентауда қайтыс болған ер адамды өлімге душар еткен ауру диагнозын нақтылау қажет - ОҚО Санэпидқадағалау департаменті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жуырда Кентауда қайтыс болған ер адамды өлімге душар еткен ауру диагнозын нақтылау қажет - ОҚО Санэпидқадағалау департаменті

Жуырда Кентауда қайтыс болған ер адамды өлімге душар еткен ауру диагнозын нақтылау қажет - ОҚО Санэпидқадағалау департаменті

Шымкент. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Кентауда қырым-конго қанды безгегі деген күдікпен ауруханаға жатқызылған 34 жастағы ер адам қайтыс болды. Өлімнің нақты себептері анықталу үстінде. Бұл туралы агенттік тілшісіне ОҚО Санэпидқадағалау департаментінің аса қауіпті және басқа да карантиндік жұқпалы ауруларды қадағалау бөлімінің бастығы Нұрбек Нышанов хабарлады.

  • 14 Шiлде 2008
  • 648
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, «2008 жылдың 3 шілдесінде Кентау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына қырым-конго қанды безгегі деген күдікпен 34 жастағы ер адам жатқызылған. Диагноз расталды ( 30.06.2008 Түркістан қаласындағы Арыс-Түркістан каналында суда жүзу барысында кене шағып алған). 2008 жылдың 12 шілдесінде 15 сағат 30 минутта науқас қайтыс болды».

Алайда, департамент қызметкерлерінің пікірінше, бұл ақпарат сәл асығыстау болған. «Өлімге апарып соққан дәл осы себеп деген түпкілікті диагноз расталған жоқ, алғашқы зерттеулер нәтижесінде гепатит анықталды», — деді Н. Нышанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті