Қауіпті аймақтарда өтпелі желден адым жер көрінбей қалған. Ондаған көлік пен жүздеген жолаушы Айша-бибі бекетінен аса алмай қаңтарылып тұрды. Алайда төтенше жағдайлар қызметі жәрдемге зәру болған жандар болмады деп отыр. Жол бойын торыған полицейлер де табанынан таусылып қызмет қылыпты. Күн-райын болжайтын мекеме бүгін, ертең облыстың кей жерлерінде қар түседі, секундына 20 метр жел соғып, көк тайғақ болады деп мәлімдеді. Сондықтан алыс сапарға шықпаған абзал.