Жарияланды: 1300

Жыл басынан бері Анталияда 12 қазақстандық қаза тапты - А. Әбибуллаев

Жыл басынан бері Анталияда 12 қазақстандық қаза тапты - А. Әбибуллаев

Жыл басынан бері Анталияда Қазақстанның 12 азаматы қаза тапты. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.

Оның айтуынша, біраз уақыт бұрын Қазақстанның жеті адамы зардап шеккен жол апаты орын алған  тас жол қауіпті жолдардың бірі саналады.

 «Біраз уақыт бұрын осы күре жолда («Памуккале-Анталия» -   Агенттік) жол-көлік оқиғасынан   біздің азамат Константин Иванов қаза тапты, бұл тас жол туристер үшін қауіпті саналады. Жыл басынан бастап Анталияда Қазақстанның 12 азаматы: үшеуі жол апатынан, 9-ы денсаулығы нашарлау салдарынан қаза тапты. Біздің консулдық қызметкерлері барлық қажетті көмекті көрсету үшін үнемі белсенді режімде жұмыс істейді», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін