Жыл басынан бері Ақтөбе облыстық қаржы полициясы 1,6 млн. теңгенің спиртті өнімдерін заңсыз айналымнан шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері Ақтөбе облыстық қаржы полициясы 1,6 млн. теңгенің спиртті өнімдерін заңсыз айналымнан шығарды

Жыл басынан бері Ақтөбе облыстық қаржы полициясы 1,6 млн. теңгенің спиртті өнімдерін заңсыз айналымнан шығарды

Жыл басынан бері Ақтөбе облыстық қаржы полициясының қызметкерлері 1 млн. 663 мың 900 теңгенің 9317,9 литр спиртті өнімдерін заңсыз айналымнан шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Алпамыс Иманғазин хабарлады.

  • 7 Қазан 2003
  • 489
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, қаржы полициясы 12314 дана жасанды акциздік алым марксын тәркіледі.

Жыл басынан бері қаржы полициясының жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде спиртті өнімдердің заңсыз айналымына қатысты 29 дерек әшкереленіп, оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Заңсыз кәсіпкерлік жөніндегі» 190-бабы бойынша 5 қылмыстық іс, «акциздік алым марксын қолдан жасап пайдалану жөніндегі» 208-бабына сәйкес 6 қылмыстық іс қозғалды.
Атап айтсақ, 7-қазанда қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жасанды акциздік маркалар жапсырылған спиртті өнімдер тиелген автокөлікті ұстау дерегі бойынша қылмыстық істі тексеруді аяқтады. Ақтөбедегі «Кристалл» сауда белгісі бойынша ликер-арақ өнімдерін өндіретін «MAXIMUS» ЖШС-не қарасты көлікті тексеру барысында жасанды акциздік алым маркасы жапсырылған 6000 бөтелке «Московская» арағы табылды. Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 208-бабы, 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша 500-1000 есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлей отырып 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.