Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясы қатарынан 268 адам шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясы қатарынан 268 адам шығарылды

Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясы қатарынан 268 адам шығарылды

2013 жылы «Нұр Отан» партиясы қатарынан 268 адам шығарылды.

  • 6 Желтоқсан 2013
  • 496
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық кеңес пен Астана қалалық партиялық бақылау комиссиясының отырысында Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова мәлім етті.

«Ағымдағы жыл басынан бері партия қатарынан 268 адам шығарылды. Олардың ішінде 138 адам партияға уақытында есепке алынбағандықтан шеттетілсе, қалғаны сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтары үшін шығарылып отыр», — дейді депутат. Оның айтуынша, партия жанындағы республикалық Қоғамдық кеңестің ұсынымдарына қарамастан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетін өңірлік қоғамдық кеңестер барлық дерлік партиялық ұйымдарда құрылмай отыр. «Тіпті мұндай кеңестер құрылған жерлердің өзінде олардың қызметін бүгінгіден де тиімді етуіміз керек еді. Өйткені, орталық атқарушы органдардың партиялық ұйымдарында сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар саны әзірше еш кемімей отыр», — деп атап өтті С. Бычкова.