Жыл басынан бері Қырғызстанның мемлекеттік қарызын жабуға 1,3 млрд сом аударылған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері Қырғызстанның мемлекеттік қарызын жабуға 1,3 млрд сом аударылған

Жыл басынан бері Қырғызстанның мемлекеттік қарызын жабуға 1,3 млрд сом аударылған

Бішкек. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жыл басталғалы бері Қырғызстанның мемлекеттік қарызын жабуға 1,3 млрд сом ($36 млн) аударылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Қаржы министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 3 Сәуiр 2008
  • 486
Фото - Caravan.kz

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында үкімет сыртқы қарызды жабуға 275,7 млн сом, ішкі қарызды жабуға 1,027 млрд сом бөлген.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, шығындардың жалпы көлемі ішіндегі мемлекеттік қарыз бойынша төлемдердің үлесі 2008 жылдың басынан бері 15,2 пайызға жеткен. 2007 жылы бұл көрсеткіш 8,1 пайызды құраған болатын.

Ал сыртқы қарызды қайтару бойынша шығындар 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,1 млн сомға ұлғайған. Бүгінгі күні Қырғызстан Республикасының сыртқы қарызы, Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2 млрд АҚШ долларынан асып жығылады. Қырғызстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі Ақылбек Жапаров мәлім еткендей, оны қайтару үшін қазір сыртқы қарыз алу бойынша өте қатаң саясат жүргізілуде. Сыртқы қарыздың көлемі ЖІӨ көрсеткішімен салыстырғанда 52 — 55 пайызды құрап отыр.

$1=36,5 сом.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті