Жыл басынан бері жалпы ішкі өнім 3 процентке төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері жалпы ішкі өнім 3 процентке төмендеді

Жыл басынан бері жалпы ішкі өнім 3 процентке төмендеді

Тауарлар өндірісі 1,7%-ке артып, көрсетілетін қызметтер 6,1%-ке қысқарды. Ал жылдық инфляция 7,0%-ке дейін бәсеңдеген.

  • 9 Қыркүйек 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылдың қаңтар-тамыздағы қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім 3 процентке төмендеді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

"2020 жылдың қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері мынадай: жылдық инфляция 7,0%-ке дейін бәсеңдеді. Тауарлар өндірісі 1,7%-ке өсті. Сонымен бірге, көрсетілетін қызметтер 6,1%-ке қысқарды. Жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнім 3,0%-ке төмендеді", — деді Дәленов үкімет отырысында.

Ол тамыздың екінші жартысында қызмет секторының бірқатар саласы жұмысты қайта бастағанын атап өтті. Экономиканың нақты секторында өсім сақталып отыр. Олар – құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі. Дайын өнім тауарлары экспортының ұлғаюы байқалады.

"Нақты сектор бәсекеге қабілеттіліктің жақсы нәтижелерін көрсетуде. Мәселен, есепті кезеңде автомобиль жасау 51,8%-ке, фармацевтика 34,1, дайын металл бұйымдары 18,8, қағаз өнімдері 15,3 және жеңіл өнеркәсіп 11%-ке өсті", — деді министр.


Есепті кезеңде әлемнің 105 еліне экспорт жасалған.

Жеті айда сыртқы сауда айналымы 48,7 миллиард долларды құрады. Экспорт 28,6 миллиард долларды, импорт – 20,1 миллиард доллар.

Сауда балансының оң сальдосы 8,5 миллиард доллар деңгейінде сақталуда.