Жыл ішінде Астана халқы 40 мыңға жуық адамға көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл ішінде Астана халқы 40 мыңға жуық адамға көбейді

Жыл ішінде Астана халқы 40 мыңға жуық адамға көбейді

 2015 жылдың 1 қаңтарына Астана қаласы халқының саны 852985 адамды құрады.

  • 2 Наурыз 2015
  • 423
Фото - Caravan.kz

2014 жылдың басымен салыитырғанда, Астана қаласы халқының жалпы саны 38550 адамға көбейді, деп хабарлады елорданың статистика департаменті.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы халықтың табиғи өсімі 20630 адамды, көші-қон өсімі — 17920 адамды құрады.

2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының ішінде тұтастай алғанда Астанада туылғандар саны 24216 адам болып, 2013 жылмен салыстырғанда, 10,8 пайызға артты. Сонымен қатар халықтың табиғи өсімі бұрнағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 12,6 пайызға ұлғайып, 20630 адамды құрады.

Осы кезеңде қалада 3586 адам қайтыс болды, бұл 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 пайыз көп.

Қаңтар-желтоқсанда 1 жасқа дейінгі 167 сәби қайтыс болды, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салстырғанда 29 оқиғаға аз. Сәбилер өлімі коэффициенті 6,90-ды құрады (2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда — 8,97).  


Халық арасындағы өлімнің 33,3 пайызы қан айналысы жүйесі аурулары, 21,4 пайызы — жаңа аурулар, 13,3 пайызы — бақытсыздық жағдайлары, улану немесе жарақаттану себептерінен болып отыр.

АХАТ органдарында тіркелген үйлену некелері 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,8 пайызға ұлғайды, ажырасулар саны — 9,4 пайызға көбейді.