Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар орталығында ҚР Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары — ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесiнiң комиссары Рәпiл Жошыбаев мәлiм еттi.
«ЭКСПО-2017 комиссары ретiнде Қазақстанға келушi елдердi тарту бойынша жұмыстарды атқарудамыз. Қазiргi кезде 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйым өзiнiң келiсiмiн бердi. Бүгiнде 8 мемлекет өздерiнiң комиссарларын тағайындады. Ендi осы жылдың аяғына шейiн тағыда 30 мемлекеттi аралап, олардың келiсiмiн алу жоспарда бар», — дейдi Р. Жошыбаев.