Жыл таңдауында Мақпал Жүнісова мен Ерке Есмахан сайысқа түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Жыл таңдауында Мақпал Жүнісова мен Ерке Есмахан сайысқа түседі

Жыл таңдауында Мақпал Жүнісова мен Ерке Есмахан сайысқа түседі

Ерке Есмахан: “Қайда?” жылдың үздік әні атанатынына сенімдімін.

  • 7 Желтоқсан 2017
  • 4960
Фото - Caravan.kz

Бүгін Алматыда дәстүрлі “Жыл таңдауы” музыкалық жүлдесі өтеді. Аталған шараға еліміздің ең танымал әншілері қатыспақ ниетте. Оның ішінде 2017 жылы екі бірдей хит әнімен елді шулатқан Ерке Есмахан да бар, деп хабарлайды Stan.kz. 

Бұл ретте Ерке Есмахан желіде 43 миллионнан аса қаралым жинаған “Қайда?” әнінің жүлде алып келетініне сенімді. Тіпті, “үміттенбеймін, 100 пайызға сенімдімін” деп кесіп айтты әнші MuzZone арнасына берген сұхбатында.

“Былтыр Төреғали Төреәлі екеуміз “Алло” әнімен қатысып, жүлделі орын алдық. Биыл “Қайда?” әні жылдың үздік әні болатынына үміт емес, сенімдемін”, – деп мәлімдеді Ерке.

Еркенің айтуынша, әншінің бір жыл бойы атқарған еңбегін саралап, бағалау үшін елімізге мұндай шаралар керек-ақ.


Ал продюсер Алтынбек Рахметов бәйгені бөлгенде әншінің жасы мен тәжірибесіне қарамау керектігін айтты. Ол Мақпал Жүнісова мен Ерке Есмаханды жарыстыруды ұсынды.

“Аға буын да, орта буын да ерінбей еңбек етіп жүр. Жылына 20-30 концерттен беріп, бір емес оншақты бейнебаян түсірген әншілеріміз де бар. “Мен жастармен бәсекеге түсіп, қарсылас болмай-ақ қояйын, аға-әпке және бауыр боп жүре берейік” деген мәселе әлі күнге дейін бар. Ондайды қою керек. Неге Ерке Есмахан мен Мақпал Жүнісоваға бір сайысқа түспеске?” – дейді ол.

Соңғы жаңалықтар