“Жылап қалдым”. Жайдарманшы қызға туған күнінде бейтаныс біреу су жаңа көлік сыйлады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Жылап қалдым”. Жайдарманшы қызға туған күнінде бейтаныс біреу су жаңа көлік сыйлады (ВИДЕО)

“Жылап қалдым”. Жайдарманшы қызға туған күнінде бейтаныс біреу су жаңа көлік сыйлады (ВИДЕО)

Жайдарманшы Мереке Қалбаева 31 жасын Шымкент қаласында дүркіретіп атап өтті.

  • 4 Мамыр 2022
  • 5028
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Жақында сәбилі болған Мереке Қалбаева Шымкент қаласында "Отыздан асып барамын" деп аталатын жеке мерекесін атап өтті. 
Бұл кешке тек жақын туыстары, достары өнердегі жақын әріптестері келген. 300 адамның басын қосқан актрисаға той ортасында сыйлас әпкесі су жаңа көлік сыйлап, елді таң қалдырды.

"Алтыным тұлпарың астыңда тозсын. Бұдан да биік белестерді бағындыра бер. Әрқашан тілекшіңмін. Жұлдызың жарық, қолдаушың халық болсын",  —деп тілек айтты.

Дәл мұндай тосын сый күтпеген актриса көзіне еріксіз жас алды.

"Шынымды айтсам мұндай дәл мұндай сыйлық күтпедім. Шок болып тұрмын. Рахмет! Алла разы болсын! Сіз мені сыйласаңыз, Алла сізді сыйласын",- деп алғысын айтты.

Желі оқырмандары: "Құтты болсын Мереке жаным","Алтын адамсыз ғой, бұданда мықты сыйлыққа лайықтысыз","Вааау күштіі ғой, демек лайықты адам болғаныңыз ғой","Астыңызда тозсын","Көрімдік сұрамадыңыз ғой","Күштіііі жомарт жандар көп қой","Бұны сыйлаған адамдв мен жақсы танимын өте жомарт жан","Лаура апше қолы ашық, Мерекені қатты сыйлайды ғой",- деп жазды.

Соңғы жаңалықтар