Жарияланды: 540

Жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша Халықтық банктің таза пайдасы 20,6 млн. долларды құрады

2003- жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша Халықтық банктің таза пайдасы қазақстандық есеп беру стандартына сәйкес 3,050 млрд. теңге немесе 20,6 млн. долларды құрады,- деп хабарлайды банктің баспасөз қызметінен.

Банк мәліметтері бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда банк пайдасының ауқымы 3,3 есе немесе 2,1 млрд. теңгеге өскен. Халықтық банктің активтері 228,167 млрд. теңгеге жетіп ($1,542 млрд.), өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 67%-ке немесе 76,3 млрд. теңгеге артты. Банктің жарғылық қоры 2,784 млрд. теңгеге (немесе 72%-ке) артып 9,881 млрд. теңгені ($66,7 млн.) құрады. Банктің жеке капиталы 7,1 млрд. теңгеге ( 68%) өсіп , 22,634 млрд. теңгеге ($152,9 млн.) жетті. Есепті мерзімде несиелік портфель көлемі 58 процентке артып, банк клиенттеріне берілген несие көлемі 151,3 млрд. теңгеге дейін өсті (1,022 млрд. доллар). Банктің жалпы депозиттік қоры 154 млрд. теңгені ($1,041 млрд.) құрады. Тұрғындардың жедел депозиттерінің көлемі 57,4 млрд. теңгені ($388 млн.) құрады. Жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда жедел депозиттер көлемінің өсімі 6,156 млрд. теңге болды. Халықтық банк - Қазақстандағы банк жүйесін қалыптастырушы жетекші үш банктің қатарындағы қаржылық институт. Халықтық банктің филиалдық желісіне 582 құрылымдық бөлімше қамтылады, соның ішінде 20 облыстық және аймақтық, 135 аудандық, 427 есеп-кассалық бөлімшесі бар. Төлем карточкалары бойынша қызмет көрсету желісінде 371 банкомат, 1869 POS-терминал мен 1168 импринтер бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін