Жылдың бірінші жартысында төлем теңгерімі $6,7 млрд көлемінде профицитпен қалыптасты - Сәйденов - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылдың бірінші жартысында төлем теңгерімі $6,7 млрд көлемінде профицитпен қалыптасты - Сәйденов

Жылдың бірінші жартысында төлем теңгерімі $6,7 млрд көлемінде профицитпен қалыптасты - Сәйденов

Астана. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың бірінші жартысында төлем теңгерімі $6,7 млрд көлемінде профицитпен қалыптасты. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен кеңейтілген отырыста ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Тамыз 2008
  • 439
Фото - Caravan.kz

«Жылдың бірінші жартысындағы төлем теңгерімі Қазақстанның халықаралық позициясының орнықтылығын көрсетті. Ағымдағы шоттың профициті $6,7 млрд болды, ал 2007 жылы тапшылық $7 млрд жеткен», — деді Ә.Сәйденов.

Оның айтуынша, тікелей инвестициялар $3,1 млрд құрап, Ұлттық банктің халықаралық резервтері мен Ұлттық қор активтерінің жалпы көлемі $47 млрд дейін өсті. Бір де банк дефолтқа ұшыраған жоқ, ұлттық валютаның айырбас бағамы тұрақтанды, қоғам девальвацияны күтіп отырған жоқ», — деді ол.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, «еліміздегі экономикалық өсім қарқынының шамалы баяулағанына қарамастан, тұтастай алғанда экономикалық ахуал тұрақты». Оның мәліметінше, 2008 жылдың 1 шілдесіндегі жағдаймен банк саласының жиынтық активтері 12,2 трлн теңгені құрады (өсім 4,2%), жеке капитал 2 трлн теңге (өсім 10,8%) болды. «Сырттан қарыз алудағы қиындықтарға қарамастан, банктер өтеліп жатқан несиелердің көлемінде несиелендіруді жүзеге асыра алды. Сол себепті ағымдағы жылдың басынан бері экономикадағы несиелердің көлемі іс жүзінде 2007 жылдың желтоқсан айындағы деңгейде — 7,2 трлн теңге көлемінде қалды», — деді Ә.Сәйденов.

Заңды және жеке тұлғалардан банктердің тартқан депозиттерінің жалпы көлемі 2008 жылдың 1 шілдесіндегі жағдаймен 4,4 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 13,8%-ға өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті