Қайта есептеу жыл сайын жылыту маусымының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен. Бұл жылуға арналған тариф, оның ішінде «көше» температурасы болжамының негізінде жылудың жоспарланған көлемінен шыға келе қалыптастырылатынына байланысты.
Өткен жылыту кезеңі үшін (2014 — 2015 жылдар) тұтынушыларға ақша қайтарылады, себебі «жылы» қыс жағдайында жылу шығыны болжамды (есептік) шығыннан едәуір аз болды.
Мысалы:
|
Өңір |
Сыртқы ауаның іс жүзіндегі температурасы |
Есепті температура |
Тұтынушыларға қайтару сомасы |
|
Алматы қ. |
0,33 °С |
-1,8 °С |
347 млн. теңге |
|
БҚО |
-3,94 °С |
-6 °С |
17 млн. теңге |
|
СҚО |
-5,12 °С |
-8,6 °С |
31,2 млн. теңге |
|
ШҚО |
-5,9 °С |
-7,5 °С |
99,4 млн. теңге |
Тұтастай алғанда, жылуды есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға 963,5 млн. теңге сомасында ақшалай сома қайтарылады:
|
Р/с№ |
Өңір |
Жылыту маусымы — 2014-2015 жж. |
|
|
Халыққа қайтару теңге/м2 |
Өңір бойынша халыққа жалпы қайтару(теңге) |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1 |
Алматы |
33,18 |
347 018 294 |
|
2 |
Алматы облысы
|
10,43 |
26 606 224 |
|
3 |
Атырау облысы |
6,50 |
10 014 391 |
|
4 |
Ақтөбе облысы |
3,71 |
12 673 497 |
|
5 |
Ақмола облысы |
14,3 |
30 478 790 |
|
6 |
Жамбыл облысы |
3,9 |
12 663 913 |
|
7 |
Батыс Қазақстан облысы |
8,52 |
17 080 435 |
|
8 |
Шығыс Қазақстан облысы |
22,07 |
99 355 915 |
|
9 |
Қостанай облысы |
49,20 |
219 645 934 |
|
10 |
Қарағанды облысы |
8,42 |
54 191 262 |
|
11 |
Қызылорда облысы |
14,10 |
21 205 820 |
|
12 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
11,02 |
31 246 999 |
|
13 |
Павлодар облысы |
9,59 |
48 481 033 |
|
14 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
9,65 |
32 772 978 |
|
ЖИЫНЫ: |
963 435 485 |
||
Тұтынушылар өз тұрғын үйі ауданы жалпы көлемін м2 үшін жылу құнына (3-бағанның деректері) көбейту арқылы өз бетінше есептей алады.
Мысалы, Ақмола облысында алаңы 52 ш.м. пәтер иесіне шамамен 750 теңге (52 х 14.3 = 743,6)қайтарылатын болады.
Жылу энергиясына ақы төлеуді қайта есептеу келесі 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымының басында жүзеге асырылады. Әрбір тұтынушы өзінің коммуналдық қызметтерге ақы төлеу туралы түбіртегінде қайтарылған соманы «көретін болады».