Жылуға жарымаса да елде жоқ бағаны төлеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жылуға жарымаса да  елде жоқ бағаны төлеп отыр

Жылуға жарымаса да елде жоқ бағаны төлеп отыр

Елде жоқ баға! Астанада жылуға жарымаған тұрғындар наразылық білдірді. Себебі айына қырық мыңдап төлесе де, мұз қатқан пәтерлерінде дірдектеп отыр. Ал пәтер иелері кооперативі жөнді берілмейтін жылуға ақшаны өз бетінше белгілейді деп ашынады жұрт. Шыдамы шегіне жеткен халық бүгін ақыры шу шығарды.

  • 8 Қаңтар 2014
  • 278
Фото - Caravan.kz

— 38 мың теңге төлеу не деген сұмдық? Масқара ғой.

Осылай деп шырылдаған тұрғындар сақылдаған сары аязға қармастан наразылыққа шықты. Төзімдері әбден таусылған. Себебі жылу үшін бір бөлмелі пәтерге 38 мың теңге төлейді. Баспана автономды жүйемен жылытылады. Бірақ «жанармай таусылып қалды» деген желеумен жиі өшіріледі екен. Сөйтіп пәтер иелері кооперативі жұрттан түскен ақшаны үнемдеуге көшіпті.

 Жақсылық Тұрсынхан, Астана қаласының тұрғыны:

-31 мың теңге төлеймін тек жылу үшін. КСК-ға қосымша 3 мың сонымен 34 мыңнан астам. Айына 8 рет өшіріп тастайды, керосин бітті деп. Ал, квитанцияға толық көрсетеді, өшірген уақытты да қосып. Оларға сол тиімді.

 Мұндай елде жоқ бағаны Астанада осы үйдің тұрғындары ғана төлейді. Алайда екінші қыс бүрсең қағып отыр. Сондықтан жылуға барген ақыдан бөлек электр пешімен жан бағуға мәжбүр. 

—  Міне мұз қатып жатыр. Осылай жауып қоямыз.

Тұрғындар түбіртектерін көтеріп көшеге шыққан соңосы күнге дейін төбе көрсетпегенқұрылыс компаниясының өкілі де аяқ асты пайда бола қалды. Айтуынша, бұл бағаны Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің өзі белгілеп беріпті.

Азамат Мейірбеков, құрылыс компаниясының заңгері:

-Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті белгілеген заңды бұйрық бар. Олардың қойған тарифы бойынша, 8156 теңге 1 гига калорийге. Автономдық жылу бар, соған кеткен шығынды қосқанда 417 теңгеге шығады.

Құрылыс компаниясы өкілінің арты қуыс. Өйткені 2 жыл өтсе де үйді әлі мемлекеттік комиссияға өткізбеген. Яғни, тұрғындар заңсыз тұрып жатыр деген сөз. Бірақ алаңдап отырған олар жоқ.Керісінше, «ертең тағы жылуды  өшіреміз» деген хабарландыру іліп кетті. Ал елде жоқ бағаны бекіткен пәтер иелері кооперативі болса сол күйі төбе көрсеткен жоқ.