"Жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді": Қарағанды облысындағы түрмеде шу шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді": Қарағанды облысындағы түрмеде шу шықты

"Жыныстық қатынасқа мәжбүрлейді": Қарағанды облысындағы түрмеде шу шықты

Қарағанды облысындағы 159/6 абақтысында да жазасын өтеп жатқандардың туыстары дабыл қақты.

  • 19 Ақпан 2021
  • 109
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы "Информбюро 31" -ге сілтеме жасап хабарлайды.

Айтуларынша, түрме қызметкерлері жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген екі сотталушы жансақтау бөліміне түскен көрінеді. Тіпті түрмедегі өзге де жазасын өтеушілерге «келесі кезекте сенсің» деп қоқан-лоқы жасағандарын айтады.

Ақыры қорыққан азаматтар туыстарына қайта-қайта хабарласып, көмек сұрап жатыр. Ал бұл сұмдықты естіген прокурорлар бірден абақтыда тексеру жұмыстарын бастаған. Құқық қорғаушы Елена Семенова екі күн бойы соттталушылардың туыстарынан сұмдық хабарламалар алып жатқанын айтады. Онда абақты қызметкерлерінің жазасын өтеп жатқандарды резеңке таяқпен зорлағандары туралы жазылған. Сөздерінше қорлық көрген екі сотталушы қазір жансақтау бөлімінде жатқан көрінеді.

ЕЛЕНА СЕМЕНОВА, құқық қорғаушы: – Кеше кешкілік сотталғандардың бірнеше туыстары хабарласып, АК 159/6 абақтысында оларға зорлау әрекеті жасалғанын хабарлады. Сотталушылар зорланған жағдайда өз-өздеріне қол салатындарын айтқан. Тергеу тарабы бұл фактіні жоққа шығаруы мүмкін. Жазасын өтеп жатқан ұлынан да дәл осы ақпаратты естіген Қайтпас Қоңыров жағамды ұстадым дейді. Осыдан екі күн бұрын абақтыдағы ұлы қоңырау шалып, түрмеде қысым көріп жатқаннын айтқан. Баласына уайымдаған әке енді президенттен көмек сұрап отыр.

ҚАЙТПАС КОҢЫРОВ, сотталушының әкесі: – Құрметті Қасым Жомарт Кемелұлы мен сізден көмек сұраймын. Балам мемлекет қарамағында жазасын өтеп жатыр. Қарағанды облысы поселок Долинка 159/6. 17 ақпан 2021 жыл 15:45-те балам хабарласып, көмек сұрауда. Айтуынша екі баланы зорламақ болып, тәртібі бұзылған. Олар қазір жансақтау бөлімінде. Баламның өмірі үшін аландаймын. Ал Ольга Шишоваға қоңырау шалған осы абақтыдағы ұлы «ертең мәйітім табылса, мені зорлады деп " түсініңдер дегенін айтады. Жаны қысылған ана енді өзін қоярға жер таппай отыр.

ОЛЬГА ШИШОВА, сотталушының анасы: – Екі азаматпен түрменің әкімшілігіндегілер анайы қатынасқа түскендерін ұлым айтты. Одан кейін байланыс үзіліп кетті. Балам үшін қорқамын. Ал қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері түрме қызметкерлері сотталушыларды қорлады деген ақпаратты жоққа шығарады.


Айтуларынша, жазасын өтеушілерге қатысты ешқандай зорлық әрекеттері көрсетілмеген.

РУСТАМ КАЮПОВ, Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы: – АК-159/6 мекемесінде заңсыз әрекеттер жасаған фактілер жоқ. 17 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері мен прокуратура бірлесіп, сотталғандарға дене тексеруін жүргізді. Дене жарақаттары анықталған жоқ. Ал бұған дейін дәл осы абақтыда сотталушыларды ұрып соқты деген шу шыққан еді. Бірақ тексеріс жүргізген прокурорлар бұл жолы ақпараттың жалған екенін анықтаған болатын. 

https://youtu.be/xa8brftTjmI

Соңғы жаңалықтар