"Зорлап өлтірген": Былтыр хабар-ошарсыз кеткен әйел өлі күйінде табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Зорлап өлтірген": Былтыр хабар-ошарсыз кеткен әйел өлі күйінде табылды

"Зорлап өлтірген": Былтыр хабар-ошарсыз кеткен әйел өлі күйінде табылды

ШҚО полицейлері кісі өліміне қатысты өткен жылы жасалған қылмыстың бетін ашты. 

  • 1 Ақпан 2023
  • 51
Фото - Caravan.kz

ШҚО полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері бұрын хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген Ұлан ауданы тұрғынының қайтыс болғанын анықтады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"2022 жылдың 16 тамызында жергілікті тұрғын Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне өзінің 47 жастағы әпкесі үйден шығып кетіп, қазіргі уақытка дейін оралмағаны туралы хабарлаған. Полицейлер оның Ұлан ауданында тұрып, жұмыс істегенін және үш баланың анасы екенін анықтаған. Полицейлер аталған деректі тіркеп, дереу жоғалған адамды іздеуге кіріскен" делінген хабарламада.

Бес айдан артық уақыт бойы ШҚО полицейлері 47 жастағы жоғалған адамды үздіксіз іздестірді. 3 қаңтарда Ұлан АПБ-ға жеке үйдің ауласында әйел адамның сөмкесі табылғаны туралы және ішінде жоғалған әйелдің жеке куәлігі бар деген жедел ақпарат келіп түскен. Полиция қызметкерлері келіп, аймақты қарап, қазу барысында іздестіруде жүрген. зорлап өлтірген әйел адамның мәйітін тапқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ұлан ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстады, ол кінәсін мойындады.


Аталған дерекке қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Ұсталған адамға қатысты сот күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар