Жарияланды: 380

Зүлфия Чиншанло Қазақстанға оралды

Зүлфия Чиншанло Қазақстанға оралды

Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанло Қытайдағы туыстарының жанында өткізген демалыстан кейін, 27 қазан күні таңғы сағат 4-те Қазақстанға оралды. Алматының әуежайында оны Алматы облыстық туризм және спорт басқармасының өкілдері күтіп алды.

Спортшы мәлім еткендей, ол Қазақстан азаматтығын қытайлық азаматтыққа қайта ауыстыруды мүлдем ойламаған және ауыр атлетикадан Қытай құрама командасы үшін өнер көрсететіндігі туралы қауесеттердің қайдан шыққандығын түсінбейді. Алматы облысы туризм және спорт басқармасының басшысы Мұхит Тұрсынбаевтың айтуынша, Зүлфия Чиншанло жаттығуға кірісіп, 2014 жылы Астанада өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатына дайындықты бастауға ниетті. Оған қоса, ауыр атлетші 1-2 қарашаға жоспарланған облыстық жастар форумына қатысады. Бұған дейін қытайлық БАҚ-тарда, "Зүлфия Чиншанло (шын есімі Чжао Чанлин) Қытай азаматтығын қайта алып, өзі туған Хунань (Орталық Қытай) провинциясында жеке куәлікті рәсімдеді. Ол 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадада Қытайдың атынан өнер көрсеткісі келеді» деген ақпарат пайда болған еді. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясында З. Чиншанлоның Қазақстан құрама командасынан кететіні жайлы ақпаратты растамады. Сондай-ақ бұл ақпаратты Алматы облысының туризм және спорт басқармасы да теріске шығарды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін