Жуынатын бөлмедегі суретін жариялаған Әлішер Кәрімов тағы да сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жуынатын бөлмедегі суретін жариялаған Әлішер Кәрімов тағы да сынға қалды

Жуынатын бөлмедегі суретін жариялаған Әлішер Кәрімов тағы да сынға қалды

Жасы отыздан асқан әнші әлі күнге дейін үйленбей жүр. Десе де, ұзын бойлы, сымбатты әнші сүйіктісін кездестірген сыңайлы, деп хабарлайды

  • 21 Қазан 2016
  • 1364
Фото - Caravan.kz

Жасы отыздан асқан әнші әлі күнге дейін үйленбей жүр. Десе де, ұзын бойлы, сымбатты әнші сүйіктісін кездестірген сыңайлы, деп хабарлайды Stan.kz.

Ваннада түскен суретін жариялаған ол: «Кездесуге дайындалып жатырмын», – деп жазды.

Әлішер Кәрімов соңғы кездері халық сынына жиі ұшырап жүр. Бірде арақ ішіп, былапыт сөздер айтатынын мойындаған әнші, екіншіде аяғын дастарханнан жоғары қойып тамақ ішкені үшін сыналды. Енді, міне, ваннада түскен суретін жариялаған ол тағы да желі оқырмандарынан ұрыс естіді. Бұл қылығымен Әлішер ел назарын аудартқысы келді ме әлде оның басқа ойы бар ма, әзірге белгісіз.

Ал ашынған желі қолданушылары: «Атың шықпаса жер өрте», «Тыңдармандарыңды сыйламайды екенсің», «Ақылды бала деп жүрсем мынау не сұмдық?», «Сені кім суретке түсірді екен», «Әлішер өнер адамысыз, ерсі қылықтармен түскен фотоларыңызды өтініш салмаңыз», – деп пікір білдірді желі оқырмандары. Есесіне Әлішерді жақтап, “суреттен еш әбестік көрмедік” деген оқырмандар да баршылық.


Соңғы жаңалықтар