Алматыда автобус жүргізушісін ұрған тұрғынға қатысты үкім шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда автобус жүргізушісін ұрған тұрғынға қатысты үкім шықты

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған тұрғынға қатысты үкім шықты

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • 26 Сәуiр
  • 69
Фото: Abai.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сот айыпталушы Дархан Ахметжановты Қылмыстық кодекстің 293-бабы және 351-бабы бойынша кінәлі деп таныды.

Еске салайық, былтыр желтоқсанда Алматыда автобус жүргізушісін жолаушы ұрған еді, салдарынан қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды жаншып өткен. Қайғылы оқиғадан үш адам қаза тауып, тағы бірнеше адам зардап шекті.

Сотталушы бүгін соңғы сөзінде қаза тапқандардың отбасынан және қазақстандықтардан кешірім сұрап, зардап шеккендердің тезірек айығып кетуін тіледі.

Соңғы жаңалықтар