"Семей орманы" резеватының адам аяғы жету қиын жерлері өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Семей орманы" резеватының адам аяғы жету қиын жерлері өртенді

"Семей орманы" резеватының адам аяғы жету қиын жерлері өртенді

"Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резеваты аумағының адам аяғы жету қиын жерлері өртеніп жатыр. Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі осылай деп мәлімдеді.

  • 26 Сәуiр
  • 64
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Алдын ала ақпарат. Абай облысы. 26 сәуір 13.21-де ақпарат келіп түсті: Бородулиха ауданы, «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалы, Бородулиха ауылынан 15 шақырым жерде (Дмитриевское орманшылығы, 148-орам) орман өсімдіктері (қарағай) өртеніп жатыр. Адам аяғы жетуі қиын сулы-батпақты жерлер», – делінген жұма күнгі хабарламада.

Комитет хабарлағандай, «Семей Орманы» резерваты өрт сөндіріп жатыр.

«Оқиға орнына орман шаруашылығының 11 қызметкері мен жеті техника, төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының алты адамы мен екі техника жіберілді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, экология министрлігі Абай облысындағы «Семей Орманы» резерватына өртті ерте хабарлау жүйесі орнатылмайтынын хабарлады. Үкімет аталған жабдықды орнатуға қаржы бөлуді қолдамады.

Соңғы жаңалықтар