Баварияда өзін жарған адам сириялық босқын болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баварияда өзін жарған адам сириялық босқын болып шықты

Баварияда өзін жарған адам сириялық босқын болып шықты

Полиция бавариялық Ансбах қаласындағы мейрамхананың кіре берісінде өзін жарған адамның кім екенін анықтады. Ол Сириядан келген босқын болып шықты, деп хабарлады РБК.

  • 25 Шiлде 2016
  • 211
Фото - Caravan.kz

NordBayern басылымы хабарлағандай, баспасөз мәслихатында Ансбах прокуроры Михаэль Шретбергер шарап барында өзін өзі жарған адам 2 жыл бұрын Германияға барған Сирия азаматы екенін хабарлады. Бір жыл бұрын оған германиялық азаматтықты алуға берген өтініші қабалданбаған, алайда азаматтық соғыс аяқталғанға дейін  Ансбахта қалуға рұқсат берілген.  

Бавария ІІМ басшысы Йоахим Херрманн сириялық Германия аумағында екі рет өз-өзіне қол салмақ болғанын мәлімдеді. Алайда бұл жолы өзге адамды өлтірмек ойы болғаны беймәлім.

Сириялықтың радикалды топтармен байланысы бар не жоғы белгісіз.  


Жарылыс салдарынан сириялық ажал құшты, 12 адам жарақаттанды, үшеуінің жағдайы ауыр.

Жарылыс болған ғимарат музыкалық фестиваль ұйымдастырылған жерге жақын орналасқан. Болған оқиғаға байланысты концерт үзілді. 

 

Соңғы жаңалықтар